
Жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін өңірлердегі мұнай базалары тексерілмек. Республика бойынша дизель отынының жалпы қоры 308,56 мың тонна болды.
2023 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жанар-жағармай нарығындағы жағдай бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы республика бойынша дизель отынының жалпы қоры 308,56 мың тонна болды. Бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық. Сонымен бірге, кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю бекеттерінде дизельдік отынды сатуға шектеу қойылды.
Сондықтан жанар-жағармайдың ішкі нарығын қамтамасыз ету мақсатында мыналар тапсырылды:
- облыстық штаб жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын туғызбау мақсатында облыстық мұнай базаларына комиссиялық тексеру жүргізу жөнінде шаралар қабылдасын;
— бұзушылық фактілері болған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдар нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе үстемдік әрекеттеріне тексеру жүргізілсін.
