Independ.kz - новостной портал.
2023-04-07 14:07
Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот отырысы күні белгілі болды

Экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да тұлғаларға қатысты іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Астана қаласы Байқоңыр ауданы №2 сотының баспасөз қызметі.

«Байқоңыр ауданының №2 соты А.Мұхамедиұлы., А.Ш.Нұразхан., А.К.Көшенов және А.Т.Сәдуақасова-ға бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен қылмыстық істі қабылдады.

Бұл қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқылауы 2023 жылдың 17 сәуірінде сағат 10.00-де ашық сот отырысында өтуі тиіс», - деді сот.

Еске салайық, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылдың мамыр айынан бері қамауда отыр. Содан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып отыр.

Өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты «Алтын адамның әлем музейлері бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен тергеуді бастады.

Осы жылдың қаңтар айында бұл іс бойынша жаңа мән-жайлар белгілі болды. Одан кейін Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразханның қамауға алынғаны хабарланды.

«Тергеу шаралары аясында А.Мұхамедиұлымен және басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласып, сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырған «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» мемлекеттік кәсіпорны директорының бұрынғы орынбасары А.Ш.Нұразхан  «Алтын адамның әлем музейлері бойынша шеруі» халықаралық көрмесі жобасын жүзеге асыру қаражаты 221 млн теңге болған» деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

Срочные новости