Independ.kz - новостной портал.
2023-04-08 14:00
Қазақстанда жер комиссиясы институтын алып тастап, жер алуды жеңілдетпек

 Елімізде  жер комиссиясы институтын алып тастап, жер алу қызметін жеңілдету қарастырылады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Заң республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскелерін электрондық форматта беру тәртібін оңайлатуды көздейді. Бұл жер учаскелеріне құқық берудің ағымдағы мерзімін 30 жұмыс күніне дейін өзгертуге мүмкіндік береді.  Атап айтқанда, аталған қалаларда жер комиссиясы институты алынып тасталып, бірқатар құжаттар қысқартылады (жер комиссиясының хаттамалық шешімі, жерге орналастыру жобасы)» делінген хабарламада.

Бұл ретте кент, ауыл және ауылдық округтер үшін техникалық мүмкіндіктерге байланысты жер телімдерін алудың бұрынғы шарттары сақталады.

«Заң мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда құжаттарды келісуге онлайн бақылау енгізеді, сондай-ақ жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын тіркеудің композиттік қызметін енгізеді»  деді министрлік.

Рәсім ҚР Цифрлық даму министрлігі мен  аэроғарыш өнеркәсібі әзірлеген Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің «Қоғамдық кадастрлық картасы» бойынша жер учаскесін таңдау арқылы жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарында (өңірлік географиялық ақпараттық жүйелер) жүзеге асырылады.

Срочные новости