Францияның жағалаудағы Марсель қаласында тұрғын үй құлады, оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар.
Қайғылы оқиға сәуірдің 8-інен 9-ына қараған түні болған. Жергілікті тұрғындар жан түршігерлік дауыс естіді. Жергілікті MediasInfo порталы оқиға орнында жараланғандар көп деп хабарлайды. Бірнеше отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.
«Сағат 00:40-та Тиволи көшесінің бойындағы №17 үй опырылып, №15 және 19 үйлер ішінара зардап шекті», - деді қала әкімі.
Көрші екі үйдің тұрғындары шұғыл эвакуацияланды. Опырылған жердегі өрт әлі сөнген жоқ.
Үйдің қирауының алдын ала себебі газ жарылысы деп аталады. Оқиға болғанға дейін өтіп бара жатқандар ерекше иіске шағымданған.