Independ.kz - новостной портал.
2023-04-10 12:27
Израильде сот реформасына қарсы наразылықтар жалғасуда

Заңның қабылдануының тоқтатылуына және елде орын алған лаңкестік әрекеттерге қарамастан, мыңдаған адам Израиль қалаларында сот реформасына қарсы наразылықтарын жалғастыруда. Акциялар 14 апта бойы жүргізілуде.

Сенбі, 8 сәуір күні кешке полицияның Израиль қалаларындағы шерулерді тоқтатуға шақырғанына қарамастан, демонстранттар шерулерін тоқтатпады, деп хабарлайды The Times of Israel. Адамдар 14 аптадан бері сот жүйесіндегі жаңа заңнамаға қарсылық білдіруде.

Бір күн бұрын Израильде екі теракт болды: Тель-Авивте және Иордан өзенінің оң жағалауында, соның салдарынан үш адам қаза тапты. Оның ішінде турист,  Италия  азаматы бар. Шабуылдар жағдайында полиция тұрғындарды шерулерден бас тартуға шақырды, бірақ адамдар әлі де көшелерде жиналуын доғарған жоқ.

Бұған дейін билік сот жүйесінде жаңа заңнамаларды қабылдауды тоқтатқанын хабарлаған болатын. Бұл шерушілерге әсер еткен жоқ – олар апта сайын көшеге шығуды жалғастыруда.

Наурыздың 26-сы күні Израиль премьер-министрі қорғаныс министрі Йоав Галантты құқықтық реформаны тоқтатуға шақырғаны үшін қызметінен босатты. Бұған дейін 630 мың наразы адам Израиль қалалары көшелеріне жиналып, сот реформасына наразылық білдірген.

Срочные новости