Independ.kz - новостной портал.
2023-04-10 13:21
Шымкентте футболдан кейін 20-дан астам жанкүйер полицияға жеткізілді

Шымкентте өткен «Ордабасы» – «Ақтөбе» матчынан кейін 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ  баспасөз қызметі.

«Еңбекші аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Уәлиханов көшесіндегі «Прага»  дәмханасының жанында жігіттердің  төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу полицияның патрульдік және жедел-тергеу тобы жетті. Төбелес «Ордабасы» және «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында болғаны анықталды»  делінген хабарламада.

20-дан астам адам полицияға жеткізілді. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауы керек.

Срочные новости