Independ.kz - новостной портал.
2023-04-11 08:30
Астанадағы «ҚазМұнайГаз» ғимаратын полицейлер күзетуде

Астанадағы «ҚазМұнайГаз» ғимаратының маңында автозактар не үшін қаптап кеткен? Елорда полициясы неден қауіптеніп, неге дайындалуда?

«Жұмыстан шығарылған маңғыстаулықтар  Астанадағы «ҚазМұнайГаз» мекемесінің төңірегіне жиналған, осы маңға  арнайы жедел әрекет ету отряды (СОБР)  мен көптеген автозактар шоғырланған»  делінген дүйсенбі күні тараған хабарламада.

Белгілі болғандай, наразылық білдірушілер Энергетика министрлігі ғимаратына келген, полиция олардың әрекетіне кедергі келтірген жоқ. Оларға мекемеден өкіл де шыққан жоқ.

Жаңаөзендік «Берәлі Маңғыстау» компаниясының жұмыстан босатылған 80-ге жуық жұмысшысы дүйсенбі күні кешке Астанадағы Энергетика министрлігіне жиналып, жұмыссыздық мәселесін шешуді талап етті. Олар мәселе толық шешілгенше ғимаратта болуды ұйғарған.

Өткен жылғы ереуілдер мен наразылықтардан кейін «Өзенмұнайгаз» АҚ-на жұмыс көлемі бөлінді. Мұнайшылар тамыз айынан бері «Берәлі Маңғыстау» кәсіпорнында жұмыс істеген. Сәуір айында «Өзенмұнайгаз» мен «Берәлі Маңғыстау» компаниясы арасындағы жерасты ұңғымаларын жөндеуге жасалған келісім-шарттың мерзімі біткендіктен, олар жұмыссыз қалды.

 Жағдайға түсініктеме берген «Өзенмұнайгаз» АҚ басқа компания «KeзБи» ЖШС-мен келісім-шарт жасасқанын, бірақ жұмысшылар ондай шарттармен жұмыс істеуден бас тартқанын айтты.

Срочные новости