Independ.kz - новостной портал.
2023-04-11 11:01
Болат Назарбаевқа қатысты атышулы сұхбаттағы мәлімдемелерді Бас прокуратура тексереді

Бас прокуратура әнші,  Болат Назарбаевтың «бұрынғы тоқалы» сұхбатында берген ақпаратқа байланысты қылмыстық іс қозғау туралы сұраққа жауап берді.

YouTube желісіндегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әнші Динара Әлжанмен сұхбаттасқан болатын.

Massaget.kz сайты Әлжанның сұхбатында айтқан ақпараты бойынша қадағалау органының қылмыстық іс қозғаған-қозғамағанын анықтау үшін Бас прокуратураға ресми сауал жолдапты. Бас прокуратура фактілерді тексеру үшін екі департаментке ақпарат жібергенін хабарлаған.

«Бас прокуратурада Жылқышыбайдың «Уақыт көрсеті» бағдарламасында Динара Әлжан хабарлаған ақпаратқа қатысты өтінішті  қарады. Бұл ақпаратты тексеру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ішкі істер министрлігіне сауал жіберілді. Аталған  органдар ол туралы тексеру нәтижелерін хабарлайтын болады»  делінген ресми жауапта.

Бұған дейін белгілі заңгер Алмас Жұмағали сенсациялық сұхбат нәтижесінде қандай қылмыстық істер ашылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Срочные новости