Independ.kz - новостной портал.
2023-04-11 11:39
Мәскеу кеденшілері АҚШ-қа жіберілген пакеттен бас сүйек тапты

Внуково логистикалық орталығында жөнелтілімдерді сканерлеу кезінде ерекше олжа байқалды. Қорапта жартылай бұзылған адам басының артқы сүйегі мен төменгі жақ сүйегі болған.

Ресейдің Федералдық кеден қызметінің мәліметінше, жөнелтуші декларацияда пластикалық анатомиялық үлгі жіберіп жатқанын көрсеткен. Бірақ сарапшылар бас сүйектің шынайы екенін анықтады.

Сүйектер тәркіленіп, полицияға тапсырылды.

Бұған дейін Алматының кеденшілері Моңғол империясы кезіндегі көне монеталардың заңсыз әкетілуінің жолын кескен. Монеталар 5-13 ғасырлар аралығына жатады және Орталық Азияда соғылған.

Срочные новости