Independ.kz - новостной портал.
2023-04-13 17:12
Шымкент мұнай өңдеу зауыты ұлғайтылмақ

Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда , деді Смайылов.

ҚР премьер-министері Алихан Смайылов Шымкент қаласын дамыту және ағымдағы жылдың 27 қаңтарында мегаполиске жұмыс сапары бойынша берілген тапсырмаларды іске асыру мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

Орталық мемлекттік органдардың басшылары және қалалық әкімшіліктің қатысыуымен мынандай шаралар қарастырылды:

▪️ Тұрғын үйлер, автомобиль жолдары, индустриялық аймақтардың инженерлік инфрақұрылымдары «Жұлдыз», «Бозарық» және «Тассай» құрылысын жаңғырту;

▪️Жылу жүйелері мен сорғы станцияларын қайта құру;

▪️Жылу қазандықтарын жаңғырту;

▪️Алматы тас жолының бойындағы «Сайрам» елді мекенінде су құбыры және «Тұран» бас кәріз коллекторының құрылысы;

Оңтүстік өңірлік хаб құру аясында сауда-логистикалық орталықты кеңейту және зауыт айналасында шикі мұнайды терең өңдейтін жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосу мәселелері талқыланды.

Смайылов Энергетика министрлігіне Шымкент мұнай өңдеу зауытын оның қуаттылығын бұрын жоспарланғандай жылына 9 миллион тоннаның орнына 6 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға дейін ұлғайту жолын қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Срочные новости