Independ.kz - новостной портал.
2023-04-13 18:33
Техникалық ақау соғыстан аман алып қалды

Ресей мен NATO арасындағы қақтығыстың болмауына техникалық бұзылыс себеп болды  деген ақпарат пайда болды. 

Америкалық The New York баспасы Пентагонның құпия құжаттарының тарап кетүі туралы жазды. Мақалада Ресей құқық қорғау органдары арасындағы күрделі қақтығыс жайында және де Ресей мен NATO арасындағы соғыстың кездейсоқтықтың арқасында тұтанып кетпегені  туралы айтылады. 

Баспа ақпараттың нақтылығын дәлелдей алмағанын да жасырмай жазды.

Басылымның жазуынша Ресейдің Украинадағы іс әрекеттеріне байланысты ФСБ мен Ресей Қорғаныс министірлігі арасында түсініспеушіліктер өсіп келеді. ФСБ Қорғаныс министірлігін Украинадағы Ресей әскерлерінің шығыны мен қаза тапқандарға байланысты деректерді бұрмалауы жайында айыптады. Нақтыланбаған деректер Кремльдің қате шешім қабылдауына соқтырыруы мүмкін.

Басылымның хабарлауынша, өткен жылдың қыркүйек айында Қара теңізде Ресей мен НАТО арасында соғысқа ұласуы мүмкін оқиға орын алған. Осы оқиға кезінде ресейлік ұшқыш өзіне берілген бұйрықты дұрыс түсінбей, британдық барлау ұшағын атып түсірмек болған. Бірақ техникалық ақауға байланысты зымыранды ұшыра алмаған.

Срочные новости