Independ.kz - новостной портал.
2023-05-02 11:58
Қазақстанда 55 жаңа сүт тауарлы ферма салынады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин сүт-тауарлы фермалар құру жоспары туралы айтты.

 

“Өткен жылы ШЫҰ берілген бюджетті ӘКК арқылы бөлді. Біз осыған сәйкес тағы да биыл 100 миллиард теңге бөлдік. ӘКК арқылы бюджеттік несие бердік, олар шаруаларға тікелей түседі. Біз Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстарына тоқталдық. Биыл 65 тауарлы-сүт фермасының негізі қаланды. Келер жылы тағы 55-ін салып, Қазақстанның сүтке деген қажеттілігін жабуды жоспарлап отырмыз», - деді Серік Жұманғарин.

 

Айта кетейік, вице-премьердің 

айтуынша, тауық етіне деген қажеттілікте  жойылады.

«Инвестиция салған соң тауық етіне деген қажеттілікті толығымен жауып тастаймыз. Өнімді молырақ болуы үшін суармалы алқаптарды ұлғайту қажет болғандықтан, қоймалар мен суару егістерін құруға үлкен мән береміз», - деді Серік Жұманғарин.

Срочные новости