Independ.kz - новостной портал.
2023-05-02 14:19
Испанияда өткен фестивальде қазақстандық анимациялық фильм үздік болып тағайындалды

Испанияның астанасы Мадридте өткен кинофестивальде ұсынылған 1500 фильмнің ішінде қазақстандық «Бесік жыры» анимациялық фильм бас жүлдені алды.


ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан анимациялық фильм «Үздік қысқаметражды анимациялық фильм» атанды.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, қазақстандық анимациялық туынды халықаралық беделді байқаудың Гран-при жүлдесін алуы отандық анимация саласының дұрыс бағытта дамып келе жатқанының көрсеткіші.

"Мәдениет және спорт министрлігі 2030 жылға қарай жалпы прокаттағы қазақстандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осы мақсатта жыл сайын кемінде 10 анимациялық жоба жасалады. Өткен жылы бірінші рет Елімізде «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды «Бұл ұйым отандық анимация мамандарының біліктілігін арттырып, анимациялық жобаларды жасауға қолдау көрсетеді», - деп атап өтті ХҒС басшысы.

Фестиваль әр жыл сайын өтеді және әлемнің түкпір-түкпіріне үздік режиссерлердің ең жақсы жұмыстарын жинайды.

Срочные новости