Independ.kz - новостной портал.
2023-03-25 11:46
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне қосымша функциялар беріледі

ҚР Сыртқы істер министрлігіне қосымша өкілеттіктер жүктеліп, ал ҚР Ішкі істер министрлігіне Ұлттық ұланның қызметін реттейтін қосымша құзырет беріледі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес өзгерістер «Ашық құқықтық актілер» порталында орналастырылды.

Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігіне беру жоспарланған қосымша өкілеттіктер:

• Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу тәртібін анықтау;

• Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны жоспарлау, сатып алу, тіркеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау тәртібін әзірлеу және бекіту;

• Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны пайдалануға құқығы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;

• инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу және бекіту.

Құжат ағымдағы жылдың 7 сәуіріне дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі

«Ашық» НҚА  порталында жарияланған құжатқа сәйкес, Ішкі істер министрлігіне келесі функцияларды беру жоспарлануда:

• Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарына алғаш рет түсетін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі мен шарттарын бекіту туралы;

• Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдары  тізбесін бекіту туралы;

• Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдары мен оларға арналған тіркемелерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы;

• Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен оларға арналған тіркемелерді міндетті техникалық байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Құжат ағымдағы жылдың 7 сәуіріне дейін қоғамдық талқылауда болады.

Срочные новости