Independ.kz - новостной портал.
2023-03-26 12:44
Беларусь мемлекетке опасыздық жасаған шенеуніктерге өлім жазасын енгізді

Сенбі, 25 наурызда Беларусьте мемлекетке опасыздық жасағаны үшін шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге өлім жазасын қолдану мүмкіндігін қарастыратын заң күшіне енді.

Дәл осы заңда терроризмді насихаттап, армияның беделін түсіргені үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

«Қылмыстық жауапкершілік туралы кодекстерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын Министрлер Кеңесі Беларусь Ұлттық Жиналысының Өкілдер палатасына 2022 жылдың қазан айының соңында енгізген. 2023 жылдың ақпан айының соңында ол Парламентте екі оқылымнан өтіп, одан кейін Республика Кеңесінде мақұлданған.

Беларусь президенті Александр Лукашенко құжатқа 9 наурызда қол қойды, ал заң 14 наурызда Беларусьтің ұлттық құқықтық интернет-порталында жарияланды. Құжатта оның ресми жарияланғаннан он күн өткен соң күшіне енетіні көрсетілген.

Заңға сәйкес,  «мемлекетке опасыздық жасағаны үшін» қылмыстық жауапкершілік шенеуніктер мен  мемлекеттік қызметтегі барлық адамдарға қатысты. Бұндай  жағдайда құжат өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасын қолдану мүмкіндігін қарастырады.

Срочные новости