Independ.kz - новостной портал.
2023-03-27 12:57
LOTTE Рахат басшысы қызметіне  Ахмед Ахраров келеді

Басқарма төрағасы болып Қазақстанның резиденті емес Ахмед Ахраров тағайындалады.

Константин Федорец «LOTTE Рахат» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетеді. Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.

Құжатта «LOTTE Рахат» директорлар кеңесі 2023 жылғы 21 сәуірде басқарма төрағасы қызметін атқаратын Қазақстан резиденті Константин Федорецті басқарма құрамынан шығару және бұл қызметке Қазақстанның резиденті емес Ахмед Ахраровты  тағайындау туралы шешім қабылдағаны атап өтілді.

«Менің бес жылдық еңбек келісімшартым аяқталды, мен 21 сәуірде «Рахат» фабрикасынан шығамын. Осыған байланысты кәсіпорында әзірге ешқандай өзгеріс күтілмейді», - деді Константин Федорец.

KASE мәліметтері бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «LOTTE Рахат» АҚ негізгі акционері 95,57% үлесімен LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD (жай акциялар саны 3 440 362 дана). Компанияның артықшылыққа ие  акциялары жоқ.

2021 жылдың мамыр айында компания өзінің атауын «Рахат» АҚ-нан «LOTTE Рахат» АҚ-ға ресми түрде өзгерткен болатын.

Срочные новости