Independ.kz - новостной портал.
Logo
Поиск
Понедельник 29.05.2023
AQI
Алматы
+22°
Связаться с нами
2023-03-27 13:01
Торнадо Миссисипидегі бір қаланы қиратты

 

АҚШ-тың Миссисипи штатын шарпыған торнадо салдарынан 23 адам қаза тапты. Құлаған үйлердің қирандылары астында басқа да құрбандар болуы мүмкін.

Ауылдық жерлердегі шағын қалалар қатты зардап шекті. Онда ағаштар құлап, электр желілері үзіліп, ондаған мың үй жарықсыз қалды. Толассыз жауған нөсер мен гольф добының көлеміндей бұршақ жауын да қирауларға себеп болды, деп хабарлайды CNN.

Құтқарушылардың айтуынша, көптеген адамдарды үйінділер астынан шығаруға тура келген. Шарки округінде бірнеше полиция патрульдері із-түзсіз жоғалып кеткен.

Миссисипи губернаторы Тэйт Ривз Твиттерде іздеу-құтқару топтары зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп жатқанын жазды.

Болжам бойынша Торнадо әлі де Миссисипидің кейбір бөліктеріне қауіп төндіруі мүмкін. АҚШ-тың оңтүстігіндегі бірнеше басқа штаттар да қатты дауылға дайындалуда.
 

#
Срочные новости