
Қазақстан халық партиясы мен «Ақ жол» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттық мандаттарды таратты.
Қазақстан халықтық партиясынан Мәжіліс құрамына бес депутат кіреді:
• Магеррам Магеррамов – VI-VII сайланған Мәжіліс депутаты;
• Ирина Смирнова – VI-VII сайланған Мәжіліс депутаты;
• Гауһар Танашева – көп балалы аналар бірлестігінің көшбасшысы;
• Кенжегүл Сейітжан – Паралимпиадалық ойындарға қатысушы, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғаушы;
• Ислам Сұңқар – жастардың жаңа саясаты белсендісі.
«Ақ жол» партиясынан алты депутат болады:
• Ерлан Барлыбаев – экономист, Мәжілістің VII шақырылымының депутаты;
• Бейсенбаев Ержан – жас кәсіпкер, «Biglife» ЖШС тәуелсіз директоры;
• Дания Еспаева – қаржыгер, Мәжілістің VII шақырылымының депутаты;
• Қазыбек Иса – ақын, Мәжілістің VII шақырылымының депутаты;
• Азат Перуашев – «Ақ жол» ҚДП төрағасы;
• Асқар Садықов – кәсіпкер, «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы.
27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызда өткен Мәжіліс депутаттарын сайлаудың қорытындыларын таныстырды.
Дауыстар келесідей бөлінді:
• Аманат – 53,90%, 40 мандат алады;
• «Ауыл» – 10,9%, сегіз мандат алған;
• «Respublica» – 8,59%, алты мандат алады;
• «Ақ жол» – 8,41%, алты мандат алды;
• ҚХП – 6,8%, бес мандат алады;
• ЖСДП – 5,2%, төрт мандат алады;
• Байтақ – 2,3%;
• Барлығына қарсы – 3,9% дауыс берілген.
Парламентке өту үшін партия сайлауда 5 пайыздық межені еңсеруі керек. Демек, «Аманат», «Ауыл», «Respublica» «Ақ жол», ҚХП, ЖСДП партиялары Мәжілістен депутаттық мандат алды.
