Independ.kz - новостной портал.
2023-03-29 14:53
Жаңа премьер-министрді «АМАНАТ» партиясы ұсынады

«АМАНАТ» партиясы премьер-министрлікке кандидатын таныстырады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының отырысында айтты.

«Мен сайлауда жеңіске жеткен партияның мемлекет басшысына премьер-министр лауазымына кандидат ұсынуға құқығы бар екенін айттым. Осылайша бұл партия саяси жауапкершілікті өз мойнына алады, бұл «күшті президент – ықпалды Парламент – есеп беретін үкімет» формуласын тағы да растайды», - деді Тоқаев.

Ол жаңа үкіметке бірқатар әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру керек екенін, сондықтан алдағы уақытта үкімет пен әкімдіктегі басшылық қызметтерге түрлі саяси партиялардың өкілдерін тартуды қарастырған жөн екенін баса  айтты.

Мемлекет басшысы саяси партияларға кадрлық резерв құруды ұсынды. Бұл өз кезегінде өкілді және атқарушы билік арасындағы өзара іс-қимылға жаңа серпін береді.

Срочные новости