Independ.kz - новостной портал.
2023-03-30 10:51
Сауд Арабиясы ШЫҰ серіктес мәртебесі туралы меморандумды бекітті

28 наурызда Сауд Арабиясы үкіметі елге Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) диалогтық серіктесі мәртебесін беру туралы меморандумға қол қойды.

Бұл туралы  Сауд Арабиясының баспасөз қызметі хабарлады. Корольдіктің Министрлер кабинетінің отырысы 28 наурызда король Салман бен Абдулазиз Әл Саудтың төрағалығымен өтті.

Қазір Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше.

Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия.

Әріптес елдер: Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.

 

 

Срочные новости