Independ.kz - новостной портал.
Logo
Поиск
Понедельник 04.12.2023
46 AQI
Алматы
+9°
Связаться с нами
2023-03-30 21:13
Ұлттық жоба бойынша грант алуға 24 мыңнан астам өтінім берілді

Бірінші лекте 2577 грант беріледі, деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды бөлудің бірінші легі нәтижесінде 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында қазірдің өзінде 2169 грант берілді. Бірінші лек бойынша барлығы 2 577 грант беріледі, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Өтініш берушілерден барлығы 24,2 мың өтініш, оның ішінде көп балалы отбасылардан – 14,9 мың, мүгедектер – 3,9 мың, мүгедек баланы күтушілерден – 2,8 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан – 1,4 мың өтініш түсті. Сондай-ақ 898 адам өтіініш беріп, оның ішінде 69 оралман және 234 қоныс аударғандар бар.

Өтініштердің ең көбі Түркістан облысы (5,2 мың) және Шымкент (3,1 мың) қалаларынан, ең азы Ұлытау өңірі (155) мен Қостанай облыстарынан (272) түскен.

Гранттарды  алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде жұмыспен қамту орталықтары береді.

Өтініш берушілер өздерінің бизнес-жобасын комиссия отырыстарында ұсынады. Комиссия отырысының өтетін орны, күні және уақыты туралы хабарлама грантқа үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетінде көрсетіледі.

Комиссия бизнес-жоспарды бағалап, келесі жағдай бойынша бағалау парағын толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының дамуы, бизнес-жобаның қаржылық тұрақтылығы, іске асыру деңгейі, кәсіпкерлік дағдыларды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу.


Комиссияның шешімі өтініш берушінің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда өтініш беруші банктік деректемелерді береді, келісімге қол қояды, содан кейін бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы тоқсан сайын есеп береді. Мұның барлығы жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ электронды түрде жүзеге асырылады.

Срочные новости