
АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-қа жасалған кибершабуылдарға байланысты елде 2015 жылдың 1 сәуірінде жарияланған төтенше жағдайды тағы бір жылға ұзартты.
«Бұл маңызды кибер-зиянды әрекеттер Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясаты мен экономикасына әдеттен тыс және төтенше қауіп төндіреді», - делінген Ақ үй хабарламасында.
Хабарлама Федералдық тізілімде жарияланып, Конгресске жіберілетіні көрсетілген.
«Осы себепті 2015 жылдың 1 сәуірінде жарияланған ұлттық төтенше жағдай 2023 жылдың 1 сәуірінен кейін де жалғасуы керек. Сондықтан (...) мен президенттің 13694 жарлығымен жарияланған ұлттық төтенше жағдайды 1 жылға ұзартамын», - делінген Байденнің сөзі берілген хабарламада.
