Independ.kz - новостной портал.
Logo
Поиск
Воскресенье 04.06.2023
AQI
Алматы
+23°
Связаться с нами
2023-04-02 15:16
Қазақстандықтардың көлік салығын төлеу мерзімі 3 сәуірге дейін ұзартылды

Қазақстандықтардың көлік салығын төлеу мерзімі 3 сәуірге дейін ұзартылды

Жеке тұлғалар үшін 2022 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Бірақ биылғы жылдың 1 сәуірі мереке күні болғандықтан, салық төлеу мерзімі 3 сәуірге жылжытылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 4 сәуірінен бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама жіберілетінін атап өтті.

1 АЕК-тен (3 450 теңге) жоғары берешек бойынша хабарлама жеткізілгеннен кейін 30 жұмыс күні ішінде төленбесе - жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салықтық ұйғарым жасалып, борышкерге жолданады.

«Хабарлама алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, салық бұйрығын орындау үшін жеке сот орындаушыларына беріледі. Жеке сот орындаушылары өз кезегінде берешек сомасынан басқа, салық берешегі сомасынан 25%-ға дейінгі төлемді қосымша өндіріп алады. Сонымен қатар салық төлеушінің шоттары бұғатталып, жол жүру шектеулері қойылады», - делінген комитет таратқан мәлімдемеде.

Қажетсіз шығындар мен проблемаларды болдырмау үшін қазақстандықтарға салықты уақытылы төлеу ұсынылады.

Қазіргі уақытта салық органдарымен төленетін салық сомалары пайдаланушыларға «Kaspi Bank» АҚ және «Halyk Bank» мобильді қосымшалары арқылы PUSH хабарламалары түрінде жіберіледі.

Срочные новости