Қытай шетелдік туристердің елге топтанып кіруіне рұқсат берді
Қытайда 31 наурыздан бастап туроператорларға шетелдік туристер үшін топтық турлар ұйымдастыруға рұқсат етіледі, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Қытайдың Мәдениет және туризм министрлігі елдегі туристік агенттіктер мен онлайн-туризм провайдерлеріне жұмадан бастап осындай рұқсат берілетінін растады.
Туроператорлар туристік пакеттерді, соның ішінде рейстер мен қонақүйлерді ұсына алады, делінген министрлік мәлімдемесінде.
Құжатта жергілікті билік туристік агенттіктерді әртүрлі індеттердің алдын алу бойынша түрлі шараларды жүзеге асыруға баса назар аудара отырып, шетелдік әріптестерімен ынтымақтасуға көмектесуге шақыратындығы көрсетілген.
Министрлік сондай-ақ туристік қызмет көрсету нарығында қызмет көрсету сапасын арттыру және тәртіпті сақтауға күш салуға шақырады.