Independ.kz - новостной портал.
2023-04-04 18:36
Чарльз III-тің тәж киюіне қатысты жанжалдар ушығуда

Ұлыбританияда Чарльз III-тің тәж кию салтанатында жұлдыздар ән айтудан бас тартты, теледидар қызметкерлері де қарсылып білдіріп жатыр.

Көптен күткен Чарльз III-тің таққа отыруы жақын арада өтеді. Бұл оқиға жылдың басты оқиғасы ғана емес, британдық монархия тарихындағы ең жанжалды оқиғаға айналуы керек сияқты.

Атақты адамдар тәж кию тойларында өнер көрсетуден бас тартып жатыр. Чарльз III өз қол астындағыларды тәж кию құрметіне кең ауқымды шоумен қуантуға шешім қабылдады. Ол барлық ірі британдық жұлдыздарға шақыру жіберді. Бірақ олардың көпшілігі бас тартты. Фестивальге Элтон Джонның да, Гарри Стайлстың да келмейтіні қазірдің өзінде белгілі. Сонымен қатар, соңғы өнерін 2012 жылы Олимпиаданың ашылуында көрсеткен Spice Girls тобы да тәж кию рәсімін елемей қойды.

Бұл музыканттардың барлығы өздерінің «бос емес екндігін» сылтауратуда. Дегенмен, салтанатты жиын болады. Оған келуге  жұлдыздар Кайли Миноуг, Стиви Уандер және кейбір суретшілер келісті.

Ұлыбританияның басты телеарнасы Би-Би-Си таққа отыру рәсімін көрсетуден бас тартуы мүмкін. Бұл естімеген жанжал болуы мүкін! Себебі телебағдарламалар мазмұнына корпорация енгізген  өзгерістеріне тележүргізушілер риза емес. Би-би-си қызметкерлері ереуілге шығамыз деп қорқытты және олар оны тәж кию тойы уақытында бастауды шешкен болуы мүмкін.

Срочные новости