Independ.kz - новостной портал.
Logo
Поиск
Понедельник 04.12.2023
48 AQI
Алматы
+9°
Связаться с нами
2023-04-05 01:22
Сорос-Қазақстан қоры Қазақстандағы жұмысын тоқтатты

«Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) 28 жылдық жұмысынан кейін аймақтың проблемаларын шешудің ең жақсы тәсілдерін әзірлеуге арналған CAPS Unlock (Орталық Азиялық саясатты зерттеу) сарапшылық және аналитикалық хабына айналуда» деп хабарлайды MediaNet халықаралық журналистика орталығы.

Орталық Азия елдерінің мәселелерін шешу жолдарын әзірлеу үшін аймақ зерттеушілерін біріктіру жоспарлануда.

«CAPS Unlock қолданбалы зерттеулер жүргізеді және кең ауқымды мәселелер бойынша пікірталас ұйымдастырады, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер, цифрлық демократиядағы қиындықтар, білім беру, климаттың өзгеруі, Орталық Азияның геосаяси және геоэкономикалық орналасуы. Тұлға, тарихи жады және аймақтың отарлық өткенінің ұзаққа созылу салдарымен байланысты мәселелер де назарда болады. Орталық технологиялық үрдістерді зерделеп, есепке алуды, олардың ең маңызды салаларға әсерін болжауды көздеп отыр» делінген ақпаратта.

Қамқоршылық кеңес құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның беделді сарапшылары кіреді: Гүлнора Бекназарова, әлеуметтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, «Зеркало» ҚБ директоры (Тәжікстан), Жұлдыз Смағұлова, PhD, филология ғылымдарының кандидаты, КИМЭП университетінің білім және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы (Қазақстан), Медет Төлегенов, саясаттанушы, Орталық Азия университетінің Азаматтық қоғам бастамаларының аға ғылыми қызметкері (Қырғызстан), Юли Юсупов, экономист, Экономикалық даму орталығының директоры (Өзбекстан).

Срочные новости