Independ.kz - новостной портал.
Logo
Поиск
Воскресенье 04.06.2023
AQI
Алматы
+21°
Связаться с нами
2023-04-10 10:15
Қазақстанда аграрлық кодекс дайындалатын болды

АӨК қауымдастығы альянсы бұл құжаттың саладағы қатынастарды реттеу үшін қажет екендігін айтады. Агроөнеркәсіптік кешен өкілдері депутаттарға Аграрлық кодексті әзірлеуді ұсынды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Мәжілістегі Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері отандық агроөнеркәсіптік кешен өкілдерімен кездескені хабарланды. Олар ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстан агроөнеркәсіп кешені қауымдастығы альянсының ұйымдастыруымен осындай тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Агроөнеркəсіпшілер депутаттарға өздерінің заңнамалық ұсыныстарын жеткізді. Соның бірі – саладағы қатынастарды реттейтін Аграрлық кодекс әзірлеу.

«Мәселелерді бірлесіп шешу керек, олар бәрімізге қатысты. Ынтымақтастыққа, жүйелі түрде кездесуге, ағымдағы жұмыстарға тартуға дайынбыз. Бұл күндері біз өзіміз қолға алатын өзекті тақырыптарды қалыптастырып жатырмыз, өз ұсыныстарыңызды күн тәртібіне шығаруға шақырамыз», - деп қорытындылады саланың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде тиісті комитет төрағасы Серік Егізбаев.

Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау, қаржыландырудың қолжетімділігі, кадрларды даярлау және фермерлердің құзыреттілігін арттыру, ауылдық аумақтарды және жерді суландыруды дамыту, бірыңғай ауыл шаруашылығы салығын енгізу мәселелері көтерілді.

Қазақстандағы бірнеше футбол клубтары көрермендерінің тәртіп бұзғаны үшін қомақты айыппұл төлейтін болды.

Срочные новости