Independ.kz - новостной портал.
Logo
Поиск
Понедельник 29.05.2023
AQI
Алматы
+22°
Связаться с нами
2023-04-10 09:30
Еліміздің бірнеше футбол командасына жанкүйерлер үшін айыппұл салынды

Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлерінің жөнсіз әрекеті үшін Қазақстанның бірнеше футбол командасына айыппұл салды.

Көрермендерінің трансляцияны бұзғаны және матч кезінде пиротехникалық заттарды қолданғаны үшін  «Ақтөбе» ФК 100 АЕК немесе 345 мың теңге айыппұл төлейтін болды.

«Жетісу-Тобыл» матчы кезінде көрермендер (команданың жанкүйерлері) ресми өкілдерге балағат сөздер айтқан, сол үшін «Жетісу» ФК 100 АЕК немесе 345 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

«Каспий» ФК матч кезінде «Рахмет» командасының қақпашысына бөгде заттарды лақтырған көрермендері үшін 50 АЕК немесе 172 500 теңге айыппұл төлейді.

Аталған клубтарға айыппұлды 2023 жылдың 6 мамырына дейін төлеу міндеттелді.

#
Срочные новости