Independ.kz - новостной портал.
Logo
Поиск
Понедельник 29.05.2023
AQI
Алматы
+22°
Связаться с нами
2023-04-11 10:07
Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда ұсталған қазақстандықтар туралы айтты

Тергеу шаралары үш айға дейін созылуы мүмкін, содан кейін қазақстандықтардың ісі прокуратураға беріледі.

Оңтүстік Кореяға заңсыз өтпек болған қазақстандықтар қазір оқшауланған. Олардың ісі бойынша тергеу үш айға дейін созылуы мүмкін. Бұл туралы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

Оның айтуынша, екі қазақстандық та қазір Инчхон көші-қон орталығындағы тергеу изоляторында отыр.

«Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес тергеу шаралары үш айға дейін созылуы мүмкін, содан кейін іс прокуратураға беріледі. Осыған байланысты Кореяның құзырлы органдары тергеудің егжей-тегжейлерін ашпай отыр», - деп түсіндірді Смадияров.

Ол қазақстандықтарға үш эпизод: иммиграциялық бақылау заңнамасын бұзу, елде заңсыз болу, әуежай нысандары мен оның құрылымдары туралы заңды бұзу бойынша айып тағылып отырғанын атап өтт

Смадияров Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ ұсталған азаматтардың туыстарымен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

Еске салайық, 24 наурызда Инчхон әуежайында Ташкенттен келген екі Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынған болатын. Депортацияны күту кезінде олар арнайы орыннан  түнде қашып, республика аумағына заңсыз кірген. Бір қазақстандық 26 наурызда ұсталса, екіншісі үш күннен кейін өзі берілген

Сыртқы істер министрлігі  Оңтүстік Кореядағы қазақстандық азаматтардың жаппай жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Оның айтуынша жоғарыдағы оқиға жерлестеріміздің жұмысқа орналасуына әсер еткен жоқ.

Срочные новости