Independ.kz - новостной портал.
2023-04-11 10:45
Жанболат Мамай алты жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды

Тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамай алты жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

«Алты жыл шартты шешім, қоғамдық қызметке, соның ішінде әлеуметтік желілерде қатысуға тыйым салынды. Сонымен қатар, 400 мың теңгеден астам айыппұл салынып, тұрғылықты жерінен шығуға бірқатар шектеулер қойылды», - делінген хабарламада.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енбегені атап өтілді. «Жанболат Мамайдың өзі сот үкімімен толық келіспейтінін айтты.

Еске салайық, Мамайға билік өкілдеріне тіл тигізді, қасақана жалған ақпарат таратты және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптар тағылған. Белсенді өзі кінәсін мойындамай, тергеуде ондай дәлелдердің жоқтығын алға тартады.

Срочные новости