Independ.kz - новостной портал.
Logo
Поиск
Понедельник 29.05.2023
AQI
Алматы
+22°
Связаться с нами
2023-04-11 12:00
ЕАЭО аумағынан тыс жерлерге авиакеросин мен дизельдік отын экспортына тыйым салынды

Шектеу 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.

Қазақстанда 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ел аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығаруға тыйым салынады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің бұйрығында айтылған. Құжат «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі деп түсіндірілді. Бұйрықтың қосымшасында Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерінің тізімі келтірілген. Бұл жеңіл дистилляттар, авиакеросин және дизельдік отын, газойльдер, толуол, ксилолдар, мұнай битумдары.

Срочные новости