Independ.kz - новостной портал.
2023-04-11 10:45
Диас Кален грек-рим күресінен 2023 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық палуан Диас Кален грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды. 82 келі салмақта балуанымыз финалдық белдесуде жеңіліп қалды.

«Алтын» үшін болған шешуші белдесуде Диас қырғыз балуаны Ақылбек Талантбековты 2:3 есебімен жеңе алмай, Азия чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты.

Одан кейін Астана кілеміне тағы бір қазақстандық Олжас Сырлыбай (97 келі) шықты. «Қола» үшін белдесуде ол үндістандық Нариндер Чиимді 4:1 есебімен ұтты.

2023 жылғы Азия чемпионатының екі күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық грек-рим балуандары әртүрлі номинациядағы 8 медаль жеңіп алды. Ибрагим Магомадов алтын, Диас Қален мен Нұрсұлтан Тұрсынов күміс, Алмат Кебісбаев, Олжас Сырлыбай, Аманғали Бекболатов, Мұхамедәлі Мамырбек және Әлімхан Сыздықов қола жүлдегер атанды.

Одан әрі Азия чемпионатының кестесіне сәйкес әйелдер және еркін күрес өкілдері елорда кілеміне шығады. Азияның үздік палуандарының турнирі 14 сәуірде аяқталады.

Бұған дейін Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен ЧА-2023 «алтынын» жеңіп алған болатын.

Срочные новости