Independ.kz - новостной портал.
2023-04-12 00:02
Мәжіліс депутаттары өздеріне айтылған реніштерден кейін ғана Астанадағы ереуілге шыққан мұнайшыларға келді

«Журналист Бейімбет Молдағали мәжілісмендерден жұмысшыларға неге қазір ғана келгендерін сұрады», - деп жазады «Власть» басылымы.

Депутат Ермұрат Бапи журналистің сұрағына: «Кеше келсек, бірдеңе шешілер ме еді?» деп жауап берген. Журналист ереуілшілер дәл осы жерде түнегенін айтқанда, Бапи олардың мұнда келгендерін кешкі астан кейін ғана білгенін айтты.

Депутат Ринат Зайытов болса бұндай мәселе кабинеттерде ғана шешіледі деп есептейді.

«Мұнда 250-ге жуық адам бар. Әрқайсысының бала-шағасы бар. Қазір 600-ден астам адам аштықта. Кейбірі мүгедек, кейбірінің денсаулығы нашар. Маңғыстаудың қоршаған ортасы сұмдық. Көптеген ауру адамдар. Жұмыс істегіміз келеді. Бізге нақты жауап керек. Бізге тоқетерін айтсын. Біз де отбасымызға оралғымыз келеді. Біз тығырыққа тірелдік», – деді ереуілге шыққан жаңаөзендіктердің бірі.

Срочные новости