Independ.kz - новостной портал.
2023-02-12 00:04
Ақтауда қалқан ұстаған қауіпсіздік күштері жинақталуда

Ақтауда қорғаныс құралдарын ұстаған қауіпсіздік күштерінің  жинақталғаны расталды.

Ақтау әскери бөлімі  маңында түсірілген видеолардың бірінде қалқан ұстаған тәртіп сақшыларының шоғыры жазылған ввидео тарап жатыр.

Еске салайық, жаңаөзендік мұнайшылар 11 сәуірге қараған түні «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) орталық кеңсесіне жиналмақшы болған. «КезБи» және  «Берәлі Маңғыстау» компаниясының бұрынғы жұмысшылары Астанаға жұмысқа орналасту мәселесін шешу үшін жиналды.

Сәуірдің 11-і күні түстен кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңаөзендік мұнайшылардың Астанада дүрбелең туғызу үшін ереуілге шығатынын хабарлады.

Наразы  жаңаөзендіктердің айтуынша, ҚМГ бас кеңсесінде түнеген  мұнайшылардың ереуіліне жаңадан сайланған парламент депутаттарының бірі де келмеген.  Тіпті  Маңғыстау облысынан сайланғандары да бой көрсетуге жарамаған.

Еске салсақ 11 сәуірде жұмыс сұрап,  наразылық білдірген  жаңаөзендіктерді  Энергетика министрлігінде арнайы жасақ қамауға алған болатын.  

Срочные новости