Independ.kz - новостной портал.
2023-04-12 00:06
Қостанай облысында алты сағаттан астам уақыт бойы элеватор өрті сөндірілді

Қостанайдағы элеватордың жүз жылдық ғимаратын өрт шалды. Зардап шеккендер жоқ. Елді мекенге де қауіп төнген жоқ.

Қостанай облысының Федоровский ауданында 1929 жылы салынған қараусыз қалған элеватор өртенді. Ғимаратты алты сағаттан кейін ғана сөндіру мүмкін болды, деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.

Федоровка ауылындағы өрт туралы хабарлама сағат 13.26-да түскен. «Жаркөл элеваторы» АҚ ескі ғимараты  аумағындағы  шөптер өртенді. Бірақ жел үрлеген жалын кептіргіштің ағаш ғимаратына өткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 1080 шаршы метрге жетті. Өртті сөндіруге ҚТЖ  өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Өрт сағат 19.50-де сөндірілді. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ, деп атап өтті ТЖД.

Срочные новости