Independ.kz - новостной портал.
2023-04-24 10:30
Мұз шоу сайысы SOI (Мұздағы студенттер) «Жастар таза ауа үшін»

2023 жылдың 23 сәуірінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Әйелдер күштері альянсы мен ҚСДҚ (Kimep Association of Sport Development) бірлесе отырып, жыл сайынғы «SOI (Students on Ice) «Жастар таза ауа үшін» шоу-байқауын сәтті атап өтті.

Бес ай бойы жаттықтырушы – спорт шебері, Қазақстан чемпионы, Азия жарыстарының чемпионы Регина Глазманның жетекшілігімен 11 жұп студент аталған шоу-жарысына қатысу үшін күнделікті дайындықтан өтті.

Бүгін Алматының барлық жоғары оқу орындарының студенттері аз қамтылған отбасыларға жеке тұрғын үйлерді газдандыруға қаражат жинау үшін мұз айдынында бас қосты. Экологиялық жағдай бүкіл әлем бойынша маңызды мәселеге айналғаны рас,  өскелең  жастарымыздың қала мәселесіне бей-жай қарамай, оны оңымен  шешуге белсене атсалысып, қала тарихында өз қолтаңбаларын қалдыруға деген ұмтылысы өте қуантады.

Бүгінгі келген барлық көрермен жастар әрекетін қолдап, билет сатып алып, «Жастар таза ауа үшін» қайырымдылық акциясына белсене қатысты.

– Бұл жобаның тарихы ұзақ, пандемия жағдайларына байланысты, жобаны 2 жылға тоқтата тұруға тура келді, ал бүгінгі 10 жылдық мерейтойлық шоумен жалғасын тапқанына қуаныштымыз. Бұдан кейін  жыл сайын осы әлеуметтік маңызы бар шараға жастарды тарта отырып, әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырмыз, - деді  Алматы қалалық Әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Әлия Ахмеджанова.

Жобаны ұйымдастыруға белсене қатысқан демеушілер қатарында Qfilm, FlyArystan, SAPEK, Zalia trans, MonAmi, сонымен қатар ақпараттық қолдау көрсеткен  CITIX, Independ.kz  аталды.

– Жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыруға көмектесетін әлеуметтік маңызы бар осындай  жастар бастамасына үлес қосу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын, бұдан кейін де жастар бастамасының қолдаушысы болуға қуана келісеміз», - деді ҚАТОЭ төрайымы Әсел Садықова.

Жиналған ақша Алматының Түрксіб ауданындағы әлеуметтік жағынан осал отбасылардың бірнеше үйін газбен қамтуға жұмсалады.

Көмірді жағудан ауаның ластануы адам денсаулығына үлкен экологиялық қауіп төндіреді. 2019 жылы Алматы әлемдегі экологиялық қауіпті 100 қаланың қатарына кіріп, 95-ші орынға табан тіреді.

Студенттердің бастамаларын жыл сайынғы қолдау жастардың бойында құндылықтардың қалыптасуына оң әсер етіп, бізді жарқын, бақытты болашаққа жетелейтініне сенімдіміз.

#
Срочные новости