Алматыдағы қалалық автотұрақтарға төлеген ақша қазір бұғатталған есепшоттарға аударылып жатыр. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы хабарлады.
Алматы Көлік қоғамдық кеңесі аясында өткен тыңдаулар барысында қалалық Мобильділік басқармасы өкілдерінен қаладағы автотұрақтардың қазір қалай жұмыс істейтіні және азаматтардың көлік тұрағы үшін төлейтін ақшасы қайда кетіп жатқаны сұралды.
«Ақылы автотұрақпен айналысатын мемлекеттік кәсіпорын бар. Автотұрақтан түскен ақшаның барлығы бұғатталған есепшоттарға түседі. Бұл шотқа 600 миллион теңге жиналды, кейіннен «Алматы автотұрағына» түскен ақша жергілікті бюджетке аударылады.
Олар белгілі бір аумақтарды абаттандыру үшін қарастырылады», - деді қалалық ұтқырлық бөлімінің басшысы Сағындық Телібаев.
Бұған дейін Ерболат Досаев Алматыда автотұрақ ақысы өсетінін айтқан болатын.
Еске салайық, 2022 жылдың 18 сәуірінде Алматы арнайы автотұрақ қызметінің директоры Марат Пірінбековтің қамауға алынғаны белгілі болды.
Сол уақытқа дейін Алматыдағы ақылы автотұрақтарды осы компания қадағалаған болатын. Осыдан сәл бұрын AlanParking директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды.
2022 жылдың 25 сәуірінде Алматы әкімдігі ақылы автотұрақтардың қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылғанын хабарлады.