
Бейресми деректердің айтуынша Серік Қалиев түнгі намазын оқып, үйіне қайтып келе жатқанда, оны көлік қағып кеткен. Ақын 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген.
1983-1983 жылдар аралығында облыстық, республикалық жыр мүшәйраларына қатысқан. Өлеңдері жас ақындардың «Қарлығаш» («Жалын») ұжымдық жинағына енген.
«Серік досым Алланың алдына кетті. Тақуалық әндеріңіз бен игі істеріңіз о дүниеде серік болсын. Алла Тағала отбасыңыңызға,туған-туыстарыңызға, достарыңызға, жерлестеріңізге сабыр берсін. Алла сақтасын сені досым. Ақыретте сауап пен мәртебеңді арттырып, күнәларыңды кешірсін. Алла Тағаладан келдік, соған қайтамыз», – деп жазды Бекен Қайратұлы.
