Independ.kz - новостной портал.
Logo
Поиск
Понедельник 04.12.2023
47 AQI
Алматы
+9°
Связаться с нами
2023-05-02 09:25
Ақтөбе облысындағы өрт 15 сағаттан кейін сөндірілді

Жаңажол кен орнындағы №2 зауытта болған өрт 2 мамыр күні сағат 6.20-да өшірілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өрт жайында 1 мамыр күні сағат 15.55-те белгілі болды. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ No2 газ өңдеу зауыты аумағында жеңіл көмірсутек өндіретін қондырғылар жана бастады.

Төрт жұмысшы күйік алып, қазір ауыр халде ауруханада жатыр.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері оқиға орнында әуеден бақылап, тексеру жүргізуді тапсырды.Оқиға орнында 52 құтқарушы мен 9 бірлік техника белсенді жұмыс істеп жатыр.

Срочные новости