Independ.kz - новостной портал.
2023-03-25 11:55
Сұлтан Зәуірбек Англияда өткен жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті

Осы күнге дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (13-0, 9 КО) Болтонда (Англия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті.

Зәуірбек аргентиналық Факундо Арсемен (15-9-2, 7 КО) шықты. Бұл жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа есептелген. Нәтижесі қазақстандық боксшы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Факундо Арсе оныншы рет жеңіліске ұшырады.

Зәуірбек супер жеңіл салмақтағы WBO Еуропа чемпионы – қазақстандық  спортшы бұл белбеуді 2021 жылдың шілдесінен бері иеленіп келеді. Бұған дейін Зәуірбек WBC тұжырымы бойынша жастар чемпионы атағын да иеленген болатын.

#
Срочные новости