Independ.kz - новостной портал.
2023-03-27 13:06
Бас прокуратура қылмыс жасады деген күдікпен 2,5 мыңнан астам адамға іздеу жариялады

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, соңғы үш жылда әртүрлі қылмыс жасады деген күдікпен 3 мыңнан астам адамға іздеу салынған.

Көбінесе күдіктілер Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүргені белгілі болды.   

Қазір 2500-ден астам адам ұстау үшін іздестіріліп жатыр, оның ішінде шет мемлекеттерде ұсталып, кейіннен Қазақстанға экстрадицияланған 500 адамның құрықталуы  прокуратураның үйлестіруімен  іске асырылған.    

Алаяқтық жасаған 400, ұрлық қылған 250 тұлға ішкі істер органдары жүйесі арқылы іздеуге жарияланған. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды.    

Бас прокуратура  шетелдегі әріптестерімен біріге отырып, іздеуде жүрген  600 күдіктінің жүрген жерін анықтаған.

Биыл  қоғамдық резонанс тудырған қылмыс бойынша  6 күдікті ұсталды (4 - кісі өлтіру, 2-қаржы пирамидаларын ұйымдастыру, басқару бойынша). 

Бас прокуратура өзге  елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп осындай қылмыстар бойынша іс-шаралардың жалғасатынын ескертеді. 

Срочные новости