
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындылары таныстырылды.
«Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындысы бойынша алты саяси партияға депутаттық мандаттарды бөлуге рұқсат етілгендер: «Аманат» партиясы, «Ауыл» ХДП, «Республика» партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партия. Сонымен қатар 5 пайыз дауыс жинай алмаған «Байтақ» жасылдар партиясы өтпейді», - деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Сайлауда жалпы 6 366 441 адам дауыс берді.
Алынған дауыстар санына сәйкес депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында мынадай түрде бөлінеді:
• Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 6 (535 139 дауыс, 8,41%);
• «Аманат» партиясы – 40 (3 431 510, 53,9%);
• «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8 (693 938, 10,9%);
• Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4 (331 058, 5,2%);
• Қазақстан халық партиясы – 5 (432 920, 6,8%);
• «Республика» партиясы – 6 (547 154, 8,59%).
«Барлығына қарсы» 248 291 сайлаушы (3,90%) дауыс берілді.
Еске салайық, 19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Парламент депутаттарының сайлау науқаны пропорционалды-мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша жүргізілді.
