Independ.kz - новостной портал.
2023-03-27 21:21
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды

Дүние жүзінде 50 000-нан астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны. Ал жеке басын қорғағаны үшін бас бостандығынан айырылып, дене немесе психикалық жарақаттар алып, ауруханаға түсіп жатқандары қаншама. Олардың осындай қиянаттарға күә болған балалары да қатты күйзеліске ұшырайды.

Өкінішке қарай, бүгінде Қазақстан осындай сұмдық статистикаға өз үлесін қосуда. Елдегі әйелдердің 70 пайызы өмірінде бір рет болса да зорлық-зомбылық көрген.

2023 жылдың 27 наурызында Алматы облысы, Қонаев қаласында «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына» қарасты  «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылуы өтті.

Орталыққа зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жандар жүгіне алады. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары қауіпсіз және жайлы үйде заңгер мен психологтың көмегі көрсетіледі. Орталық әлеуметтік қызметкердің жетекшілігімен уақытты пайдалы өткізуге мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет түрін тегін және тәулік бойы ала аласыз:

● Заң жүзінде

● Экономикалық

● Медициналық

● Қоғамдық еңбек әрекеттерінің түрлері

● Әлеуметтік-педагогикалық қызмет түрі

● Психологиялық қызмет түрі

● Әлеуметтік қызметтер түрі

● Әлеуметтік-мәдени қызмет түрі

Мекен-жайы: Конаев қаласы, солтүстік жағалау, 272 квартал, 358 ғимарат. 

Уақыты: 18:00

Байланыс телефондары: 8778-527-56-55

Срочные новости