
«Respublica» партиясы Мәжіліске депутаттық мандаттарды үлестірді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауында Республика үшінші орынға ие болды.
Мәжіліске «Республика» партиясынан барлығы алты депутат өтті:
1. Айдарбек Ходжаназаров – «Respublica» партиясының төрағасы, «Олжа Агро» ЖШС бас директоры;
2. Руслан Берденов – «Respublica» партиясының тең төрағасы, «Akniet Pharmaceuticals» ЖШС бірінші басшысы;
3. Динара Шүкіжанова – «Respublica» партиясының тең төрайымы, «АгромашХолдинг KZ» АҚ президенті;
4. Динара Наумова – Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығының президенті;
5. Нұргүл Тау – Алматы қаласы Білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы;
6. Олжас Құспеков – «Respublica» партиясының республикалық сайлауалды штабының жетекшісі.
