
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген құжатта.
Еске салайық, 19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті.
