Independ.kz - новостной портал.
2023-03-29 14:49
Үкімет отставкаға кетті

Бұл туралы жарлыққа ҚР президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Қазақстан Үкіметінің мүшелері отставкаға кетті және жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқарсын»  делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Конституцияға сәйкес Үкімет өз өкілеттігін тоқтатып жатқанын айтқан болатын.

«Біз отставкаға кетеміз және жаңа үкімет жасақталғанша біз өз міндетімізді орындаймыз. Жаңа премьер-министрдің кім болатынын президент пен Парламенттің жаңа Мәжілісі шешеді», - деді Әлихан Смайылов.

Ол өткен жылы өте қиын жағдайда Үкімет экономиканың нақты өсімін 3,2%-ға қамтамасыз ете алғанын, ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны 9,3%-ға, ШОБ субъектілерінің саны 20%-ға өскенін қосты.

Еске салайық, 19 наурызда елімізде Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы өтті.

Срочные новости