Independ.kz - новостной портал.
2023-03-30 10:53
Қазпошта ауыл тұрғындарына қосымша мемлекеттік қызмет көрсетеді

Ауыл тұрғындары 30-ға жуық  мемлекеттік қызметтерді Қазпошта бөлімшелерінен ала алады

«Қазпошта» АҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарында пилоттық жобаны іске қосты.Енді бұл өңірлердің тұрғындары ауылдық пошта бөлімшелерінен тікелей қызмет ала алады.

Көрсетілетін қызметтердің қатарында жәрдемақының жекелеген түрлері, мүгедектерге арнаулы қызмет көрсетуге құжаттарды беру, тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұру, мұрағаттық анықтамаларды немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу және т.б. бар. Бұл ауыл тұрғындарының аудандар мен қалаларға баратын жолға жұмсамайтын уақыты мен қаржысын үнемдеп, ауылдық филиалдар жұмысын жандандырып, кірістілігін арттырады.

«Мемлекеттік қызметтерге және мемлекеттік органдарға (e-Otinish) қолжетімділік нүктелерін (SOPS) ашу бойынша жұмыс – ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне кепілдік беріп қана қоймай, цифрлық қызметтерді және басқа да мүмкіндіктерді танымал ететін базалық жоба. Биыл осындай 100-ге жуық пункт ашылады, алдағы уақытта екі мыңға жуық бөлімді қамту жоспарлануда», – деп түсіндірді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Қазір «Қазпошта» ұйымдастыру және дайындық жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік және интеграциялық үдерістерді жолға қоюда. Дайындық кезеңінде МӘМС жүйесі сынақтан өтті, мемлекеттік қызметтерді көрсету алгоритмі мен тәртібі зерделенді. Сондай-ақ, ауылдық филиалдардың 50 операторы Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық-коммуникациялық жүйесінде жұмыс істеуге оқытылды.

Срочные новости