Independ.kz - новостной портал.
2023-04-02 15:13
LRT құрылысын  қытайлық компания жалғастырады

Астана әкімдігі құрылысты жалғастырып, жеңіл рельсті көлік жолы 2024 жылдың соңына дейін аяқталады деп отыр.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын жүргізетін мердігерге қатысты журналистердің сауалдарына жауап берді.

«Бізде бас мердігер бар, бұл нысан құрылысын қытайлық компания жалғастырады. Ол жылжымалы құрамға да тапсырыс береді. Бас мердігер анықталды, ол осы нысанды бітіреді», - деді Жеңіс Қасымбек қала кәсіпкерлерімен кездесуден кейін.

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT 2024 жылдың соңына дейін аяқталатынын мәлімдеген болатын. Өткен жылдың соңында бұл жобаға қазірдің өзінде 1 миллиард доллардан астам қаржы бөлінгені хабарланған болатын. Әлі де 580 миллион доллар қажет.

Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім еткендей, LRT құрылысына 50 млрд теңге бөлу жоспарланған.

«LRT құрылысы аяқталады. Тиісті қаражат та қарастырылған. Биыл, қателеспесем, біз оператор ретінде LRT құрылысын жалғастыру үшін 50 миллиард теңге бөліп отырмыз. Қала әкімдігімен құрылысты талқыладық. Ең алдымен жұмыс әуежай жақтан басталады. Ал қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алу үшін алдын ала төлемдерге  бағытталады», - деді министр.

Срочные новости