Independ.kz - новостной портал.
Logo
Поиск
Понедельник 29.05.2023
AQI
Алматы
+22°
Связаться с нами
2023-04-02 15:25
СІМ Кореядағы қазақстандықтардың жаппай жұмыстан шығарылуы туралы ақпаратқа жауап берді

Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Корея зауыттарындағы қазақстандықтардың жаппай жұмыстан босатылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Корея қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

«Бұл әлеуметтік желілердегі жалпыға ортақ парақшалардың бірінде жарияланды және осы парақшаны жүргізіп отырған блогер бұл «жаңалықтың» шығу тегін түсіндіре алмады. Өкінішке қарай, кейбір қазақстандық БАҚ бұл ақпаратты тексермей, жариялап жіберді», - деді Смадияров.

28 наурызда Оңтүстік Кореяда  Қазақстанның депортацияланған екі азаматы қашып кеткен болатын. Олардың бірін кейін жергілікті полиция ұстаған. Оңтүстік Кореяда екінші қашып кеткен қазақстандықты қолға түсіргені үшін 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынылды.

Белгілі болғандай, қазақстандық Нарзуллаев Умиджанды Деджон қаласында орналасқан дүкенде телефонын қуаттап жатқан жерінде құқық қорғау органдары қамауға алды. Ал, іздеуде жүрген екінші Қазақстан азаматы қашып кеткеннен кейін 3 күннен кейін Сеулдің көші-қон қызметіне өз еркімен келді.

#
Срочные новости