Independ.kz - новостной портал.
2023-04-04 18:37
Қазақстан бокстан халықаралық турнирде ең көп медаль жеңіп алды

Қазақстан бокстан халықаралық турнирде ең көп медаль жеңіп алды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Белградта (Сербия) өткен Belgrade Winner халықаралық турнирінің барлық қатысушылары арасында ең көп медаль жеңіп алды.

Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамалары бірігіп 21 медаль жеңіп алып, турнир қожайындарынан бір жүлдемен озып кетті. Медаль саны бойынша үздік үштікке Ресей де       енген – 15.

Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында жеті медаль бар - бір күміс және алты қола. Әйелдер Қазақстанға 14 медаль әкелді – бір алтын, алты күміс және жеті қола.

Белград жеңімпаздарының ішіндегі  медальдар саны бойынша үздік 6 команда:

1. Қазақстан - 21 (1-7-13)

2. Сербия – 20 (5-5-10)

3. Ресей – 15 (9-4-2)

4. Испания – 7 (1-3-3)

5. Бразилия - 5 (4-1-0)

6. Франция – 4 (3-0-1).

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Сербияда өткен халықаралық турнирде «алтынсыз» қалды.

Срочные новости